Маңызды оқиғалар
“Hot Stars. Life with Circumstellar Matter” — 2024
Сондай-ақ, орталық халықаралық ғылыми ынтымақтастықтарға белсенді қатысып, өз зерттеулерінің нәтижелерін әлемдік деңгейдегі конференцияларда ұсынады. Бұған қоса, орталық әртүрлі елдердің ғалымдары тәжірибе алмасып, бірлесе жұмыс істеуі үшін алаң құру мақсатында ғылыми конференциялар ұйымдастырады.
2024 жылы университеттің 90 жылдығының аясында «Hot Stars. Life with Circumstellar Matter» халықаралық конференция ұйымдастырып, өткізілді. Осыған 90-ға жуық ғалым, оның ішінде 20 елден (АҚШ, Канада, Латын Америкасы, Ресей, Еуропа, Қытай және т.б.) 50 жетекші астрофизик қатысты.